ШЫМКЕНТ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН БА? Осы сұраққа жауап іздеу үшін Тұран ауданына қарасты комуналдық мекеменің базасына табан тіредік. Жауаптылардың сөзінше мұнда ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ТЕХНИКАЛАР ДАЙЫН! Аудан аумағында тиімді қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылмақ.
«Қазгидромед» мәләметінше Шымкентке қалың қар қарашаның ортасында түседі. Қалалық тазалық мекемелері көктайғақ пен қардың алдын алу мақсатында 70-ке жуық арнайы техникаларды дайындап қойған. Қысқы маусымға сақадай саймыз дегенді алға тартқан мамандар техника жүргізушілеріне тапшылық жоқ екенін айтты. Жұмысшылар үшін мұнда бар көрінеді. ,
Биылғы қысқа барлығы түнгі және күндізгі кезекшіліктер ұйымдастырылып, қар тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі деген жоспар бар. Қатты боран немесе қар қалың түскен жағдайда жедел әрекет ету топтары жұмысқа кіріседі.
Мекеме өкілдерінің айтуынша өткен қыс мезгіліндегі қиындықтар ескеріледі. Сондай-ақ бірінші кезекте әлеуметтік мекемеге апаратын жолды тазалау жұмысы назарға алынады.
