Ішімдіксіз ауыл – салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жоба! Игі бастаманы шымкенттік кәсіпкерлер де қолдайды. Бұл жоба қоғамдағы теріс әдеттерден арылып, жастарды еңбек пен рухани тазалыққа баулуды көздейді. Ішімдіксіз ауыл жобасы Жиделі елді мекенінде нәтижесін беріп отыр.
Елді мекен тұрғындары арасында жоба туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде кәсіп иелері ішімдік өнімдерін сатпауға өз еріктерімен келісім берген. Тіпті, арнайы келісімге де қол қойған. Бүгінде бұл бастамаға тек сөзбен емес, іспен қолдау білдіріп жүрген жандар аз емес.
Солардың бірі кәсіпкер, ел ішінде беделі биік азамат Әбдіқұлов Әмірбек .
Ол көптің көкейіндегі “салауатты өмір салты” ұғымын жай ұран емес, нақты өмірлік қағидаға айналдырған азамат.
Осылайша Шымкентте шалғайдағы шағын аудандар ішімдік сатудан бас тарта бастады. Мамандар бұл бастама алдағы уақытта оң нәтиже береді деп отыр.
Мамандар түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.
