УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“МЕН ДОНОРМЫН”: ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚАН ТАПСЫРДЫ

“МЕН ДОНОРМЫН”! Шымкенттік жастар қан тапсыру акциясына қатысты. Игі шара қалалық Жастар ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен өткен. Акцияға 50-ге жуық ерікті жас қатысып, мұқтаж жандардың өмірін сақтауға өз үлестерін қосты.

Донор болу үшін алдымен дәрігердің тексеруінен өтіп, қан анализін тапсыру қажет. Медициналық тексерістен сәтті өткен азаматтар ғана 450 мл көлемінде қан тапсыра алады. Бұл бекітілген ереже! Бір адам әр 60 күн сайын, яғни жылына ең көп дегенде алты рет қан тапсыра алады екен.

Акцияға қатысқандардың қатарында Арлен Тлеуов те бар. Ол алғаш рет қан тапсырып, донор болғанын айтады. Сөзінше осы ісі арқылы адам өмірін сақтап қалуға үлес қосуда. Айта кетсек, Арленде сирек кездесетін 4 ші оң қан тобы екені де белгілі болды.
Қан тапсырған әрбір азаматқа екі күнге жұмыстан босату туралы анықтама және 980 теңге беріледі екен.