УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ЖАҢА ЖОБА САНЫ АРТУДА”: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРГЕ АЙНАЛДЫ

Түркістан облысын өндірісі дамыған өлкеге айналдыру жолындағы жұмыстар жалғасуда. Өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік саласын дамыту және инвестиция тарту мақсатында маңызды жобалар мақұлданып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған саладағы өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен инвестштаб отырысында талқыланды.
Жиында өңір басшысы аудан, қалалардағы индустриалды аймақтар мен кәсіпкерлік нысандарды кеңейту мәселелерін пысықтап, сала мамандарына өңірдің инвестициялық жағдайын жақсартуды тапсырды.

Күн тәртібінде Түркістан қаласы, Сайрам, Сауран, Ордабасы, Бәйдібек аудандарындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жан-жақты қаралды.

Жалпы облыс көлемінде кәсіпкерлік нысандардың қатары артса, енді бірінің іргетасын қалау жұмыстары жүршізіліп жатыр. Түркістан облысының экономикалық өсімі мен индустриалды даму бағыты қарқынды жалғасып, аймақта іске асқан инвестициялық жобалар оң нәтижесін беруде.