УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ НОУ — ХАУ: ЖАҢА ДИЗАЙНДАҒЫ АЯЛДАМАЛАР ПАЙДА БОЛДЫ

Screenshot

Шымкентте аялдамалар заманауи әрі ыңғайлы үлгіде жаңартылып жатыр. “Гүлжан” және “Жаңа Шаһар” аялдамалары жаңа кейіпке енген. Әлі де құрылысы аяқталмағанын байқадық. Бұл жаңашылдықты шымкенттіктер қалай қабылдады? Жаңа аялдамада автобус күту ыңғайлы ма? Бұл сауалға жауап берген тұрғындардың пікірі екіге бөлінді.

Аялдамадағы жұмыс толық аяқталмаған. Дегенмен құрылыс аяқталса, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады екен. Қалалық Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының мамандарының сөзінше, жаңғырту жұмыстары қала экологиясы мен инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда. Биыл Шымкентте 300 аялдаманы жаңарту жоспарланған. бүгінде оның 264 жөндеуден өтіпті. Қазір біз тұрған жаңа шаһар аялдамасы ерекше дизайнда. Мұндай жобалар алдағы уақытта қаланың өзге де ауданында орнатылады.Негізгі ерекшелігі аялдаманың бір бөлігінде күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сатылатын дүңгіршек болса,бір шетінде қыста жылы,жазда салқын болатын құрылғы орнатылған бөлме бар. Айта кетейік, сонымен бірге мұнда 3 метрлік жолаушылар отыратын орындық қойылады.