Республика күні Түркістан өңірінде де кең көлемде тойлануда. Мемлекеттік маңызы бар мерекеге орай
Түркістандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің домбырашылар флешмобы өтті. “Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы
аясында күмбірлеген домбыра үні мен асқақ рухқа толы күйлер көрерменнің жүрегіне жол тартты. Жас домбырашылар «Нәр ағашы», «Келіншек», «Жастар биі», Құрманғазының «Балбырауын» секілді танымал күйлерін орындады. Осылайша олар, көрермендерге рухани қуат сыйлады. Іс шараның басты мақсаты ұлттың мәдени мұрасын дәріптеп, жастар бойында елге деген сүйіспеншілігін нығайту болды.
