УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“АРҚАЛЫҚ БАТЫР” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

“Арқалық батыр” пьесасы кітап болып жарық көрді. Бұл пьесаня Қазақ театр өнерінің негізін қалаған көрнекті тұлға Жұмат Шаниннің өзі жазған.
Кітаптың тұсаукесер рәсімі өнер ордасында сән салтанатымен өтті. Аталған еңбекті жазушы, журналист Қайрат Сәбитұлы Есенаман кітап етіп құрастырып, орыс тіліне аударған. 1924 жылы Семей театрында алғаш сахналанған бұл пьеса қазақ драматургиясының дамуына зор үлес қосқан тарихи туынды саналады.

«Адамның арыстаны» атанған Арқалық батыр туралы жазылған бұл шығарма – ұлт шежіресінің шерлі де шынайы беттері. Ал осы құнды дүниенің кітап болып жарыққа шығуына және тұсаукесер рәсіміне мұрындық болған театр ұжымы ел есінде қалған ерлерді ұлықтауды, жас ұрпаққа рухты жеткізуді басты парыз санайтынын көрсетті.