Қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында жаңа маусым шымылдығын түрді. 97-маусымды өнер ұжымы қазақ драматургиясының алтын қорынан ойып оұрып орын алатын Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» пьесасымен бастады. Ғасырлар тоғысындағы адам болмысы мен махаббат хикаясын көркемдік тереңдікпен бейнелейтін қойылым көрермен жүрегінен орын тауып, әсерлі эмоцияға бөлеп келеді.
Бұл шығарма аты айтып тұрғандай, тек ғашықтық туралы хикая емес. Бұл – махаббат пен қоғам арасында сызылып жатқан шекара, жан мен жүйенің тартысы, ар-намысты таптап өткісі келген заманмен күрес. Қойылымда көркем сөз бен кесек ой қабысып, режиссерлік шешімдер ескі туындыны жаңа тыныспен қайта сөйлетті.
Жаңа маусымның дәл осындай туындымен ашылуы театр ұжымының тек дәстүрді дәріптеп қоймай, көрермен санасына өткір сұрақ тастайтын, мазмұны терең, маңызы ауыр дүние ұсынуға бел буғанын көрсетеді.
