Жалғастырамыз! Шымкентте Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекеттік Туды насихаттауға бағытталған республикалық акция өтті. «Менің елім –менің туым» атты шараға партия өкілдері, «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері мен оқу орындарының студенттері қатысты. Акцияға қатысушылар жоғары оқу орындарының ғимараттары мен биік нысандарға Мемлекеттік Туларымызды іліп, елдік рухты дәріптеді. Республиканың негізгі нышаны мемлекеттік Туға деген патриоттық рухты арттыруға бағытталған акция
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен Жол-көлік колледжінде қатар ұйымдастырылды.
