Шымкенттік төтеншеліктер шомылу маусымын қорытындылады. Жалпы қалада шомылуға тыйым салынған 13 орын белгіленген . Шаөарда 200 дана арнайы тақтайша да орнатылған.
Құтқарушылар оқыс оқиғаның алдвн алу үшін мектептерде 225 интерактивті сабақ өткізіпті. Ал қалалық Білім басқармасына қарасты 151 білім ұясында судағы қауіпсіздік ережелері туралы стенд орнатылған..
Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың 1400 ден аса баласы жүзу сабағына тегін қатысуға мүмкіндік алған. Төтеншеліктер Рейд жұмысын күнделікті дүргізіп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік ережесін сақтамаған 6 азамат айыппұл арқалаған. Айта кетсек, абырой болғанда шомылу маусымында мегаполисте суға бату фактісі тіркелмеген.
