Мегаполисте жылыту маусымында газдан улану дерегі тіркелмеді. Ресми мәліметке сәйкес, шаһарда мыңнан астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасы есепке алынған. Өрт қауіпсіздік айлығы аясында осал топтағы отбасыларды аралау жұмыстары толвғымен аяқталыпты. Брифинг барысында төтеншеліктер атқарылған жұмыстарды баяндады. Сөздерінше, аралау барысында 88 газоанализатор құрылғысы орнатылып, 40-тан астам үйдің түтін мұржалары тазартылған.
Мамандар газдан улану мен өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмысын да жүргізген. Арнайы бейнеролик әзірлеп, студенттермен сабақ өткізгендерін де айтады. Бұдан өзге арнайы акциялар да қолға алынған.
