Шымкенттің сарбаздары жексенбі күнді ерекше күтеді. Себебі бұл күні 35748 әскери бөлімінде мерзімдік әскери қызмет атқарып жүрген жауынгерлер «Отбасымен бейнеқоңырау» жобасы аясында туған-туыстарымен байланысқа шыға алады.
Өзінде смартфоны жоқ сарбаздар үшін бөлімшелерде интернет желісіне қосылған арнайы планшеттер де орнатылған. Бұл әрбір әскери қызметшіге отбасымен байланысын үзбей, қызмет барысындағы әсерімен бөлісіп, рухани қолдау алуға мүмкіндік береді екен. Қатардағы жауынгер Данияр Қасен әскери бөлімде жасалған жағдайға дән риза. Мұндай жобалар өз кезегінде сарбаздарға туыстарымен байланысын сезінуге және мотивациясын сақтауға көмектеседі дейді. Мұндай бастамалар жеке құрамның моральдық рухын нығайтуға және әскери қызметшілердің психологиялық жағдайын қолдауға бағытталған.
