УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚХА 30 ЖЫЛ: “МЕДИАЦИЯ — ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ” АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Шымкентте этномедиация саласын дамыту жооға қойылған.Бүгінде «Елдесу және татуласу» жобасы
аясында медиация татулық тірегі атты форум басталды. Шара екі күнге созылады. Басты мақсат қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті арттыру, этносаралық қатынастарда медиация тәсілдерін кеңінен енгізу арқылы бірлікті нығайту,- дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараға кәсіби медиаторлар, Әділет департаментінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп психологтары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетіктерін таныстырды.