УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР БАЛАЛАРЫНЫҢ “БАЛДӘУРЕНДЕГІ” ДЕМАЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Арыс гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары Түркістан облысындағы республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдауренге» келді. Бұл жолғы маусым «Ғылым және әлемдік өркениет» тақырыбына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған. Арыс гарнизонынан келген он үш бала құжаты рәсімдеген соң, жас ерекшеліктеріне сай топқа бөлінді.
Балалардың демалысы мен қауіпсіздігін тәжірибелі тәрбиешілер қамтамасыз етеді. Балалар алдымен лагерь өмірімен танысты.Кезекті маусым аясында лагерьге келген балалардың қатарында Айша Темірбай да бар. Ол 9 сыныптың оқушысы. Айша мұндағы табиғаттың ерекше екенін айтты.
Алдағы үш апта бойы балаларды мазмұнды бағдарлама күтеді: Олар шығармашылық және спорт үйірмелері, экскурсиялар мен әскери-патриоттық іс-шараларға қатысады. Айта кетсек, «Балдаурен» лагері жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған әскери қызметшілердің балаларын қабылдайды. Бұл Қорғаныс министрлігінің әскери отбасы институтына тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырғанын көрсетеді.