Уақыт TV –халықтық арна!
Еліміздегі елеулі оқиғаларды жедел әрі шынайы таратады. Рас, нақты ақпарды заман талабына сай форматта көпке ұсынады. Масс-медиа саласына жаңа леп алып келген республикалық телеарна өз жұмысын 2024 жылдың 5-шілдесінде бастаған. Негізгі ақпараттық-талдамалық бағыттан бөлек, ойын сауықтық және тарихи, мәдени, музыкалық, спорттық, экономикалық бағыттарда контент жасап, мемлекеттік саясатты насихаттауды мақсат еткен.
Уақыт TV телеарнасында: жаңалықтар мен бағдарламалар, жастар мен балалар редакциясы жұмыс істейді. Жаңалықтар және бағдарламалар бөлімі күнделікті жаңалықтарды дер кезінде таратып отырады. Ал жастар мен балалар редакциясы түрлі тақырыпта контент жасап, танымдық шоулар ұсынады.