УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЙЛАУ БАСТАЛДЫ

25 қазан республика күні. Биыл Қазақстанның егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл! Осы тарихи оқиғадан кейін еліміз әлемдік аренада жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Шымкентте мемлекеттік маңызы бар мерекені тойлауды жастар бастап кетті. Жастар ресурстық орталығының ұжымы республика күні аясында 35 түрлі іс шара жоспарын түзіп қойған.

Мереке аясында жыл бойында қаланың дамуына және жастар ісіне белсене қатысқан белсенді жастар марапатталды.

Мерекелік шара аясында жиналған жастардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған викториналық сұрақ жауап ойыны да ұйымдастырылды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген жастарға абай құнанбай ұлының. ”Пайда ойлама ар ойла” атты кітабы сыйға берілді.

Айта кетсек,қазақстандықтар республика күніне орай үш күн демалады. Мереке сенбіге түсіп тұрғандықтан, заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады!