УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТЕ АПТАП ЫСТЫҚ САҚТАЛАДЫ

Аптап ыстық жалғасады! Шілде айының 29-на дейін Шымкентте ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Ал 29 шілдеден кейін термометр бағаны 34-36 градусқа дейін төмендейді екен. Синоптиктер осылай дейді. Сонымен бірге, ағымдағы жылы аса жоғары ауа температурасы тіркелмеген, айта кетсек Шымкент қаласы бойынша ең жоғары ыстық 2022 жылы тіркелген екен. Үшінші мегаполис пен Түркістан облысы тұрғындарын алда қандай ауа райы күтуде, мамандар айтсын.

М.Кахарбеков — «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі

Шымкент халқы үшін мұндай ауа температурасы аса тосын емес. Жергілікті тұрғындар бұған үйренгендей, тіпті 36 градус ыстық болса, оны «салқын түсіп қалыпты» деп қабылдайтын жағдайға жеткен.