УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН “БАҚША” ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН САНЫ АРТАДЫ

Шымкентте әлеуметтік дүкен саны артып келеді. Бүгінде мегаполисте 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік дүкендердің санын арттыру мақсатында халық тығыз орналасқан аумақтарда «Бақша» атты 14 жаңа әлеуметтік дүкен іске қосылды. Қазіргі таңда тағы 10 қосымша сауда нүктесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл дүкендерде күнделікті тұтынуға қажетті негізгі азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағада сатылады.

Нұрсаттық тұрғындар осы әлеуметтік дүкеннің тұрақты тұтынушысы болып алған. Айтуларынша, мұнда күнделікті ас-ауқатқа қажетті ұн, нан, күнбағыс майы, құмшекер мен көкөністер нарықтағы өз бағасынан арзанға саудаланады.

Шаһарда «Береке fest» акциясы аясында арнайы аймақтар ұйымдастырылып, жыл соңына дейін отандық өндірушілердің өніміне жеңілдіктер ұсынылады. Деседе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін әлі де негізсіз қымбаттатушылар кездеседі. Өңірлік комиссия өкілдерінің тексерісі нәтижесін маманның өзі айтып берсін.

Айта кетсек, елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылданды. Енді бұрынғыдай ескерту жасалмайды. Бірден 5 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық мөлшерге дейін айыппұл салынады.