УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы барысында басқарма басшылары мен аудан әкімдерімен бірлесіп, 250-ден астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары қаралды.
⠀
Көтерілген негізгі мәселелер білім беру, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй және жер қатынастары, сондай-ақ инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарына қатысты болды.
⠀
Әрбір өтініш мұқият қарастырылды. Қосымша зерделеуді талап ететін күрделі мәселелер бақылауға алынып, олар бойынша жауапты тұлғаларға заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау тапсырылды.
⠀
Азаматтарды қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді уақтылы әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғындардың ұтымды ұсыныстары қаланы дамыту бағдарламаларына енгізіледі.