УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР СІЛКІНДІ: ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді. Зілзала 6 қазан сағат 01:29-да тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл және Түркістан облыстарында 4 балдық, Шымкент қаласында 3 балдық жер сілкінісі сезілді. Магнитудасы — 5,9 құрап отыр. Шаһарда тіркелген жер сілкінісіне байланысты қалалық жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.
Әзірге қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Ал жер дүмпуін сезген шымкенттіктер желіде түрлі видеоларымен бөлісті.

Зілзала кезінде шымкенттіктердің әрекеті қандай болды? Төтенше жағдайға орай тұрғындар дабыл қобдишасын жинап қойған ба? Өздерінен сұрап көрейік.

Десе де Төтеншеліктер тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.