Ауыл шаруашылығы мен агротехникалар жаңа деңгейге көтеріледі.Бүгін Шымкент қаласында оннан астам елдің өкілдері қатысқан “AgriTech GrowTech” халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл шара – еліміздегі ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретін маңызды оқиға. Көрмеде шетелдік инвесторлар мен ірі компаниялар өздерінің жаңа технологияларын, инновациялық өнімдері мен заманауи техникаларын таныстырды.
Түркия елі бұл көрмеде ерекше белсенділік танытты. Елдің 21 компаниясы қатысып, тыңайтқыш, жылыжай жабдықтары және тұқым өнімдерін ұсынды.
Анталия мен Қазақстан арасындағы сауда және мәдени достық қарым-қатынас ауыл шаруашылығында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылды.
Мұндай халықаралық шаралар еліміздің ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді. Көрме жұмысы алдағы үш күн бойы жалғасады. 13 елдің өкілдері мен 80-нен астам ірі және орта кәсіпорын өздерінің жаңа технологиялары мен өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуда.
