«Қазақстан халқына қоры» елімізде осындай мекеменің онын ашуды жоспарлаған. Бүгінде жетеуі жұмыс жасап келеді. Ал мегаполистегі ғимарат үш қабаттан және жертөледегі арнайы кабинеттерден тұрады. Аутизмге шалдыққан балаларға қажетті әдістемелік құралдардың барлығын қор өз тарапынан алып берген екен. Сондай-ақ бұл мекемеге 128 млн теңге көлемінде қаражатты да бөліпті. “Қазақстан халқына” қорының аға жоба менеджері Динара Нұрқасымова: «Қазіргі таңда елімізде аутизмге шалдыққан балалардың саны артып келеді, ал осы балаларға әлеуметтік көмек көрсету біздің басты мақсатымыз», — дегенді алға тартты.
Орталыққа кіре салып балалардың әр түрлі кабинеттерде өзі қызықтыратын ісімен айналысып жатқанына байқадық. Әр балаға жеке бір маман қызмет көрсетіп отыр. Мұндағы арнайы жасақталған бөлмелердің түрі сан алуан. Сенсорлық кабинет, қөл өнер, тігіншілік, тіпті караоке кабинеті, сондай-ақ тұз бөлмесі де бар. Қамқорлықта балалар топқа бөлінген. Яғни икеміне, қызығушылығына қарай, өзіне ұнайтын іспен айналысады.
Орталықта 95 маман жұмыс атқарады. Қалалық әкімдіктен қызметкерлердің айлық жалақысына және ғимаратты жалға алуға қаражат бөлінеді. Ал мамандардың біліктілігін арттыру үшін шет елдерге де оқуға жіберіп отырады екен. Орталықта үш жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Мұрат Ташимов работотехника кабинетіне жауапты маман. Осы салада білімін алған ол балаларға робот құрастыруды, конструктурлармен жұмыс жасауды үйретеді. Әр баланың қызығушылығын ашу үшін әдістемелік құралдарды пайдаланады екен.
Қамқорлық орталығына балаларын әкелген аналармен де тілдестік. Балаларын бұл орталықтан бөлек басқада мекемелерге апарып жүргендерін айтады. Ал осы әлеуметтік орталыққа келгелі баланың бойынан оң өзгеріс бацқаған. Сондықтан ата-аналар Шымкентте осындай орталық санын көбейту керек деп есептейді. Өйткені кезекте тұрған бала көп екен.
