УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР СПОРТПЕН ТЕГІН ШҰҒЫЛДАНАДЫ

«Қазақстан халқына қорының» ұйымдастыруымен өткен баспасөз туры “Жас жауынгер” бейімдеу спорт орталында жалғасты. Бұл орталықта ерекше балалар спортпен тегін шұғылданады. Орталыққа 40 бала аптасына үш рет келеді. Спорт залда дзюдо, бокс және Қазақстанда негізі қаланған мүгедектігі бар жандарға арналған армбак спорт түрімен балалар шұғылданып келеді. «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының жетекшісінің айтуынша балалардың спортпен шұғылдануы денсаулығына пайда беруімен қатар балалардың дамуына және де спорт арқылы бар эмоцияларын шығаруға көмектеседі.

Қазақстан халқы қоры осы спорт залдағы екі бапкердің еңбек ақысын және керекті спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету мен қатар түрлі спорттық жарыстардың өтуіне демеушілік етіп келеді. Жақында ғана Шымкентте армбак спорт түрінен ерекше балалар арасында ел біріншілігі өткен болатын. Сол жарыста Шымкенттік құраманы бастаған балалар үшінші орынды иеленген еді. Осындай спорттық шаралардың басы қасында жүретін бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыповта баспасөз турына келіп балалармен жаттығу жасады. Біржанның айтуынша осы балаларға үнемі қолдау көрсетеді. “Бос уақытым бола қалса залға келіп, балаларға мотивация беріп жігерлендіремін”, — дейді