Мегаполисте күзгі әскерге шақыру науқаня жалғасуда! Бұл күні Шымкент қаласынан Отан алдындағы борышын өтеуге 35 жас сарбаз Қонаев қаласына аттанды. Сарбаздарды шығарып салу рәсімі салтанатты түрде әскери бөлім аумағында өтті. Салтанатты жиынға қатысқандардың қатарында жастардың отбасы, туыстары, достары және әскери бөлімнің командирлері болды. Бүгінде әскери борышын өтеуге аттанғалы жатқан сарбаздардың қатарында Бақдаулет Алматұлы да бар. Сөзінше ол бұл шешімді өз еркімен қабылдаған. Бала кезден десант болуды армандаған жас сарбаз, өзімен қатар құрдастарына бұл міндеттің ер азаматқа парыз екенін айтады.
Мәпелеп өсірген баласын әскерге жіберіп отырған ата-аналар да жастарға сәттілік тіледі. Ұлымыз әскерге өз еркімен бара жатыр деген қсла тұрғыны Ерлан Нүрпейісов жас сарбаздарға отан алдындағы борышты адал атқарып, абыроймен оралуын тіледі.
Жалпы Шымкент қаласынан сарбаздар гвардиялық десант шабуылдау бригадасына аттанып жатыр. Олар қазан айының соңына дейін алғашқы әскери дайындықты меңгеріп, өзінің отан алдындағы әскери антын қабылдайды. Сонымен бірге, алғашқы әуе десанттарының жұмысын меңгереді. Одан кейін, жас сарбаздар өздерінің тағайындалған лауазымдарында өз міндеттерін атқарады.
Жас Сарбаздарды шығарып салған сәт жүрекке жылы әсер қалдырды. Бұл оқиға – еліміздегі әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы қандай қастерлі екенін айқын көрсететін сәттердің бірі. Ел қорғауға шыққан сарбаздар – мемлекеттің берік қалқаны, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірінің кепілі.
