УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ АТАУЛЫ КҮНДЕР КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНАДЫ

Screenshot

1-қазан қарттар күні. Бұл күн үшінші мегаполисте де ескерусіз қалмады. Қала әкімдігінің ресми өкілі брифингте қарттарға жасалып жатқан жағдайларды айтты. Мереке қарсаңында қарттарға құрмет көрсетіліп түрлі мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін ұстаздар күні де қалада кең көлемде тойланады. Яғни 3 қазан күні қалада мұғалімдерге арналған концерттік бағдарлама өтеді. Дегенмен кәсіби мереке аясында ұстазға бағалы сыйлық беруге рұқсат жоқ.

Шымкент қаласында 19 қазан бейбіт күннің батырлары құтқарушылар күні де бейжай қалмайды. Ол күн де кең көлемде тойланады. Ал, еліміздің айтулы мерекесі республика күнінде қалада гала концерт өтеді. 

Брифинг барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес қаладағы жолдарды 100% асфальттау жұмысының жайы айтылды. Яғни, ағымдағы жылдың соңына дейін қала көшелері 90% асфальтталса, қалған көшелердегі жұмыс 2026 жылға өтпелі болып отыр. Жол сапасы да назардан тыс қалмайды деді әкім орынбасары.

Қылышын сүйреп қыс келеді. Соңғы уақытта күннің күрт суып жатқаны да жасырын емес. Брифинг барысында Сәрсен Құранбек жылыту маусымына дайындықтың жүйелі жүріп жатқанын айтты. Бұл мәселеде көпқабатты тұрғын үйлердің де жағдайы ескерусіз қалмаған. Айта кетейік, қала әкімінің орынбасары 2025 жылда көмірге тапшылық болмайтынын айтты. Бірақ алдын ала арқаны кеңге салуға болмайтынын да ескертті. Сонымен бірге, қала тұрғындарына жылыту маусымына дайындыққа алдын ала кірісулерін сұрады. 

Брифинг аясында жылуға төленетін тариф қымбаттай ма деген сауалда қойылды.

Биыл Шымкент қаласында қала әкімінің тікелей басқаруымен бірқатар өрт сөндіру депосы салынады. Мұндағы мақсат тұрғындардың қауіпсіздігін назарға алу. Нақтырақ айтсақ, қазір Таскен, Елтай, Сәуле шағын аудандарында өрт сөндіру деполары салынуда. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталған. Нысанның құрылысы толықтай аяқталғаннан соң 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.