Еліміздің ғалымдары Шымкентте бас қосты. Мегаполисте «Дала, дәстүр, даму» атты этно-танымдық семинар өтті. Иә, ұлттық дәстүр – ұлттың тамыры. Бүгінгі жастар жаһандану дәуірінде өз салт-санасын сақтап қала ала ма? Семинар аясында жазушылар мен тарихшылар, зиялы қауым өкілдері мен студенттер дәл осы сұрақтың жауабын іздеді. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту жолдары талқылады.
Қазіргі қоғамда кейбір дәстүрлер өз мәнін жоғалтып, ыңғайға қарай бұрмаланып кеткен,-дейді жиынға қатысқандар. Ал жастар – ұлттық құндылықты тек еске алып қана қоймай, заманға сай жеткізе білу қажет деген пікірді алға тартты.
Қазақ халқы ғасырлар бойы дәстүр арқылы болмысын сақтап келген. Бүгінгі семинардың басты үндеуі де – этносананы жандандырып, ұрпақты ұлттық тамырға қайта бет бұрғызу болды.
