УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ: ҰСТАЗҒА БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ БЕРУГЕ РҰҚСАТ ЖОҚ!

Screenshot

Қазанның алғашқы жексенбісі ұстаздар күні. Жыл сайын ерекше аталып өтетін бұл мерекеде ата-аналар мен оқушылар ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынып, түрлі сыйлық табыстауды дәстүрге айналдырған. Алайда биыл оған нүкте қойылды. Себебі мұғалімдерге бағалы сыйлық беруге қатаң тыйым салынды. Педагогтар сыйлықтан бас тартуы тиіс. Ал бұл шектеуге қатысты тұрғындардың пікірі екіге бөлінді.

Әсіресе Шымкенттегі мектептерде бұл мәселе ерекше назарға алынған. Мектеп әкімшілігі ұстаздарды сыйлық емес, шынайы құрмет қуантуы тиіс деп отыр. Жанар Әлімбекова- 30 жылдық еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі. Кәсіби мерекені ерекше ықыласпен күтетінін жасырмады. Дегенмен ол «ұстаз үшін» бағалы сыйлық маңызды емес. бастысы педагог мәртебесінің с ақталуы екенін алға тартуда.

Енді сыйлық емес, шынайы құрмет пен жылы сөз – мұғалімдер үшін ең басты марапат болмақ.