Шымкентте Қазақстан Республикасы Судьялар одағының XI Спартакиадасының финалдық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл жолы да дәстүрге айналған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен судьялар жиналды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, жарысқа келген спортшыларды құттықтап, әділ додада сәттілік тіледі
Биылғы Спартакиадаға 200-ге жуық судья қатысуда. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Атап айтқанда: шағын футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан үздіктер анықталмақ. Жалпы республиканың сот жүйесінен құралған 20 команда жарысқа қатысып отыр. Әр өңірдің намысын қорғап келген судьялардың мақсаты – жеңіс жолында тер төгіп қана қоймай, кәсіби әріптестер арасындағы достық пен ынтымақты арттыру.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға медальдар мен кубоктар табысталып, үздіктер алғыс хаттармен марапатталатын болады.
