Жастар арасында этносаралық қатынастарды нығайту – қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың негізгі кепілі. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесі мен аға буын өкілдері жастармен ашық диалог алаңын ұйымдастырды. “Даналық көпірі” атты интерактивті кездесулер жоғары және орта білім беру ұйымдарында өткізіліп жатыр.
Студентте бұл басқосудан көп тәлім алғандарын айтып, өз ойларымен бөлісті. Сөздерінше, оқу орындарындағы этнос арасындағы қарым-қатынас берік, барлығы бір отбасының мүшесіндей білім алуда.
Мұндай кездесу алдағы уақытта жалғасын табады деді ұйымдастырушылар.
