УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЕҢБЕК КҮНІ: 3500-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Screenshot

Еңбек елдің мұраты! Мегаполисте екі қолға бір күрек іздегендерге кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жолы шара халық көп баратын Арбат демалыс аймағында, ашық аспан астында өтті. Жәрмеңкеде 3500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Қызметкер іздеп келген мекеме өкілдерінің басым бөлігі жұмысшы мамандарын іздеп жүр. Кезекті жәрмеңкенің ауқымы да кең. Себебі шараға қаланың алып компаниялары, өндірістік зауыттар мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Ұсынып жатқан қызметке қарай жалақасы да өзгереді. Мәселен кондитерлік өнім сауда желісінің бірінде техникалық қызметкерлер тапшы екен. Ал ұсынып отырған жұмысқа 150 мың теңге көлемінде еңбекақы беріледі.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген тұрғындардың қарасы көп. Басым бөлігі мамандығы бойынша екі қолға бір күрек табуға ниетті. Айта кетсек, шаһарда жұмыссыздар санын азайту мақсатындағы жобалар жалғасын табады.