Шымкенттің қоғамдық көлік паркіне су жаңа 30 автобус қосылды. Бүгіннің өзінде жаңа автобустар №146 және №150 бағыттарында қала тұрғындарына қызмет көрсетуді бастап кеткен. Қарағандыдағы зауытта құрастырылған заманауи «Yutong» маркалы автобустар барлық халықаралық талаптарға сай келеді,- дейді мамандар. Әрқайсысының сыйымдылығы – 85 жолаушыны құрап отыр. Қоғамдық тасымалды жаңадан құрылған компания іске асырып жатыр. Нарыққа жаңа операторлардың келуі бәсекелестікті арттыратынын шаһар басшысы да атап өткен болатын. Тағы бір ақпар! Енді қоғамдық көлікте халық күйлері мен Абай Құнанбайұлының ғибратты сөздері, сондай-ақ аялдамалар мен жолақы төлеу туралы хабарландырулар айтылады!
