Ғалым, жазушы Бегман Ысқақ 85 жасқа толды. Мерейтой Шымкенттегі Пушкин кітапханасында аталып өтті. Жазушының мерей тойына зиялы қауым өкілдері, ақын жазушылар мен шәкірттері жиналды. Ұлағатты ұстазыдарын шәкірттері ұстазым әнін шырқап, ерекше қошеметпен күтіп алды. Шара аясында профессор Бегман Ысқақ туралы деректі фильмді ел назарына ұсынды.
Елге ерең еңбегі көп, айтар нақты сөзі мен дәлелге келер ойлары бар жазушы өзінің көптеген кітабы жарыққа шықса да, “жолы болмаған адаммын” деп санаған. Себебін өзінен сұрадық.
Балалық шағы бақытсыз болған адамның қарттық шағы бақытты болады деген жазушының, бүгінгі мерейтойында жаңа кітабының тұсауы кесілді.
