Шымкентте Түзеу мекемесінен босап шыққан және пробация есебінде тұрған азаматтар арасында спорттық дода өтті. Бұл жолғы жарыс тек қана жеңіс пен жүлде үшін емес, қоғамға бейімделу, жаңа өмірге құлшыныспен қадам басу мақсатында ұйымдастырылды. Бес ауданнан 100 ден астам азамат спорттың төрт түрінен футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тартудан бақ сынады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамға қайта оралған азаматтардың достық қарым-қатынасын нығайтып, өмірге деген сенімін күшейту. Сондай-ақ, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту, уақытын пайдалы әрі салауатты өткізуге бағыттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық жарыстар қатысушыларды тәртіпке баулып қана қоймай, бойындағы жасырын таланттарын ашуға, жаңа достар табуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жарыста үздік шыққан ойыншылар 1,2,3 орындармен және медальдармен марапатталады. Мұндай іс шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.
