УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Screenshot

Мәдениет саласының өкілдері сенбілікке шықты. “Таза Қазақстан” акциясы аясында тазалық шарасы ұйымдастырылды. Сенбілікке Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұжымы мен қаладағы түрлі мекеме қызметкерлерінен 500-ге тарта адам қатысты. 2 бірлік арнайы техниканың көмегімен жалпы көлемі 10 тонна қоқыс жиналып, арнайы техника көмегімен шығарылды. Тазалық жұмыстары Нұршуақ шағын ауданындағы Жарқұдық көшесінде орналасқан аумақтарда жүргізілді. Сенбілікке елімізге белгілі өнер қайраткерлері және белгілі кинорежиссер Серік Талас пен жас актерлер де белсене қатысты.