УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Screenshot

Тассай тұрғын алабында жалғасқан кездесуде қызыл сызыққа түскен үйлердің мәселесі көтерілді. Тұрғындар жауаптылардан бұл жұмыстардың қалай жүретінін сұрады. Сонымен қатар, қариялар осыған дейін бір нөмірмен тұрған үйлеріміздің қазіргі нөмірі ауысып кетті, енді құжатқа сәйкес келмей тұр дейді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан кәріз жүйесі мәселесі көтерілді. Жиналған жұрттың айтуынша, жауапты мекемелер «кәріз жүйесі дайын, қосылсаңыздар болады» деп мәлімдеген. Алайда тұрғындар қосқан кезде жүйе бірден толып, ағынды сулар қайтадан сыртқа шығып, қолайсыздық тудырған. Бұл жағдай әсіресе көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үйлерді әбігерге салған. Тұрғындар мәселенің түбегейлі шешілуін сұрап, кәріз жүйесі желілерінің сапасына және жобалық қуатына қайта тексеріп беруді сұрады.

Осылайша, тұрғындарды толғандырған сауалдар кездесуде есепке алынды. Қала әкімі жауапты басқарма басшыларына тапсырма беріп, мәселенің дер кезінде шешілуіне назар аударуды талап етті.